ҰТО журналистерге арналған баспасөз конференциясын өткізді

Ұлттық талдау орталығы (ҰТО) Қазақстанның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен инфляцияның негізгі факторларына арналған шолуды ұсынды. Жыл қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12,3%-ды құрады, бұл ретте ең жоғары үлес азық-түлік тауарларына (+5,2 т.п.), денсаулық сақтау қызметтеріне (+1,5 т.п.) және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге (+1,2 т.п.) тиесілі болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде (±1 т.п. дәлізімен) сақтады. Қаңтар–қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар жылдық мәнде 13,3%-ға өсті; қаржыландыру құрылымы: 62,7% – меншікті қаражат, 22,6% – бюджет қаражаты, 4,3% – банктік несиелер, 10,4% – өзге де қарыз қаражаттары.

ҰТО-ның есептеулер бойынша баға өсімінің едәуір бөлігі сыртқы факторлармен байланысты: азық-түлік бойынша импортталатын инфляция, әлемдік бағалардың өзгеруі және рубль бағамының құбылуы арқылы әсер ететін валюталық арналар. Инфляцияның көтерілуінің ішкі себептері де бар. Олар жеткізу тізбектеріндегі өнімсіз делдалдардың болуы және транзакциялық шығындарды арттыратын «көлеңкелі» айналымдар бар.

Презентацияның жеке бөлімі «экономикалық патриотизм» тақырыбына – отандық тауарларды саналы түрде таңдауға – сүт өнімдері саласы мысалында арналды. Сауалнама жергілікті өнімге сенімнің жоғары екенін көрсеткенімен, тұтынушылардың 27%-ына қазақстандық сүт өнімдерін импорттық өнімнен ажырату қиын. Ұсыныстар қатарында «Қазақстанда жасалған» таңбалауын күшейту, дәм таттыру және промо-акциялар өткізуді дамыту, сондай-ақ импорттық және отандық өнімдерге сапаны тең деңгейде бақылау енгізу ұсынылды.

Экономикалық патриотизмді дамыту – мемлекеттік органдардың, бизнестің, салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ супермаркеттердің, БАҚ пен қоғамның бірлескен жұмысы.

БАҚ-та жарияланған материалдарға сілтемелер:

https://malim.kz/article/ekonomikalyq-patriotizm-bar-tek-otandyq-sut-onimin-azyratu-qiyn/amp

https://youtu.be/ENFKYXJSCrE?si=xHc-F4j03jwI3DHh

https://www.youtube.com/watch?v=DPs3APn5G_Q 

https://informburo.kz/novosti/vkusnyi-syr-eshhe-ne-vstrecala-pocemu-u-kazaxstancev-net-privycki-pokupat-tolko-otecestvennye-produkty

https://newtimes.kz/ekonomika/214807-ekonomicheskii-patriotizm-mozhet-snizit-zavisimost-kazakhstana-ot-importa-nats

Фото ашық дереккөздерден алынған