ҰТО сарапшылары Қазақстандағы қауіпсіз мобильдік мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты

2026 жылғы 7 сәуірде inDrive компаниясының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы қауіпсіз мобильдіктің болашағы: технологиялар, бизнес және мемлекеттің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктірді.

Іс-шараға Ұлттық талдамалық орталық сарапшылары — Әйгерім Донбаева, Ақбөбек Ахмедьярова мен Расул Қоспанов қатысты.

Талқылау барысында қалалық және қалааралық мобильдікті қауіпсіз дамыту мәселелері, соның ішінде цифрлық платформалардың рөлі, жасанды интеллект технологияларын енгізу және көлік қауіпсіздігі саласындағы реттеуді жетілдіру мәселелері қарастырылды.

ҰТО-ның жетекші экономисі Әйгерім Донбаева баяндама жасап, Қазақстандағы ride-hailing платформаларына арналған зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылар арасында пікір алмасуға, сондай-ақ Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты мобильдікті дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылауға арналған алаңға айналды.