ҰТО сарапшысы Түркістандағы ТМҰ саммитіне қатысты

Фото: 24KZ

Ұлттық талдамалық орталықтың (ҰТО) Аймақтық талдау орталығының аға зерттеушісі Расул Қоспанов Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне қатысты.

Саммит 2026 жылғы Қазақстан Республикасының маңызды сыртқы саяси іс-шараларының біріне айналып, түркі мемлекеттері көшбасшыларын саяси, экономикалық, көлік-логистика және цифрлық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін біріктірді. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

ҰТО-ның осындай маңызды халықаралық іс-шараларға қатысуы Орталықтың Қазақстандағы жетекші аналитикалық құрылымдардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайта түседі. ҰТО Расул Қоспановтың ұйымды дамытуға қосқан үлесін және оның өңірлік әрі сыртқы саяси алаңдардағы белсенді қызметін жоғары бағалайды.

Аймақтық талдау орталығы 2024 жылғы қыркүйекте құрылған. Қысқа уақыт ішінде Орталық сараптамалық-талдамалық кеңістіктегі өз орнын нығайтып, қазақстандық және шетелдік БАҚ-та, сондай-ақ беделді халықаралық және өңірлік басылымдарда аналитикалық материалдарын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.