Ұлттық талдамалық орталық (ҰТО) сарапшысы «Талдау мектебінде» мінез-құлыққа негізделген мемлекеттік басқару тақырыбында лекция өткізді

2026 жылдың 31 қаңтарында ҰТО сарапшысы, Салтанат Джаненова, «Nudge: теориядан практикаға. Мінез-құлыққа негізделген мемлекеттік басқару тақырыбында «Талдау мектебіне» қонақ лекция өткізді.

«Талдау мектебі» қоғамдық жобасы Парламент Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып, мемлекеттік басқарудағы аналитикалық тәсілдерді, БАҚ қызметін, ғылыми-сараптамалық қауымдастық пен азаматтық сектордың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Презентация қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ұлыбритания және басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, аз да болса, мұқият ойластырылған мінез-құлықтық nudges мемлекеттік қызмет сапасын жақсартып, азаматтардың сенімін арттыруға, саясатты EAST қағидаларына — «жеңіл, тартымды, әлеуметтік және уақтылы» етуге мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы, мұндай талқылаулар идея алмасуға және дәстүрлі басқару тәсілдерін қайта ойластыруға мүмкіндік беретін орта қалыптастырады.