ҰТО сарапшылары шетелдік әріптестерімен кездесті

2025 жылдың 19 қарашасында Ұлттық талдамалық орталық (ҰТО) сарапшылары Korea Advanced Institute of Science and Technology профессоры, Ұлттық жасанды интеллект зертханасының басшысы Saeboom Jin, сондай-ақ Грузияның Әділет үйі төрағасының орынбасары Наталья Абашмадзе, «НИТ» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдерімен кездесті. Қазақстанға сапары барысында профессор Saeboom Jin Назарбаев Университетінің кампусымен танысты. Еркін талқылау форматында өткен кездесуде қонақтарға ҰТО қызметі, оның ішінде Мемлекеттік басқару және мінез-құлыққа негізделген мемлекеттік саясат орталығының жобалары туралы ақпарат ұсынылды. Тараптар ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасу саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендігін білдірді.
